Жарнама
Жарнама

«Шахтер» сербиялық жартылай қорғаушымен келісім-шарт жасасты

08.12.2021, 04:33
Ол бұған дейін жалдау шарты бойынша ойнаған еді.
Жарнама
Жарнама

«Шахтер» футбол клубы сербиялық жартылай қорғаушы Стефан Букорацпен келісім-шартқа отырды. Келісімнің мерзімі 2 жылға есептелген.

Стефан қарағандылық командаға осы жылдың шілде айында ауысып, жалдау шарты бойынша ойнаған болатын. Ол «Шахтер» жейдесінде 14 кездесу өткізді.

30 жастағы футболшы өткен маусымды «Шахтер» сапында бастаған еді. Букорац ақтаулық клубқа 2020 жылдың басында қосылды. Содан бері 38 матчқа қатысып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров