Жарнама
Жарнама

«ШАХТЕР» ШАЛЫНДЫ.Шолу

22.07.2011, 17:20
Жарнама
Жарнама

Еуропа лигасы «Ертіс» пен «Шахтер» үшін аяқталды. Түн ауа «Шахтер» Дублин төрінде «Сент Патрикс» командасына жол берді. Қарағандыда қарым танытып, 2:1 есебімен жеңіске жетсе де, қарымта ойынға жасқана аттанғанын жасырмаймыз. Қарағандыда қарымтада қайтарамыз деп кеткен ирландиялықтардың иірімі «Шахтерге» шалма салды. Сүреңсіз өнер көрсеткен "Ертістің" артынан "Шахтерде" кете барды. Өз алаңына сеніп жүрген ирландиялықтар асықпай-саспай жүріп керекті 2 доптарын соғып алды.

"Ел арнаның" телебағдарламаларының келесі аптадағы кестесін көріп отырып таң қалып едік. "Ертіс" пен "Ренн" арасындағы матчты көрсетеміз деп жазып қойыпты. Сонда "Металлургты" шыбын құрлы көрмегендері ме? Ал енді келер аптадағы жоспарланған 90 минут ойынның орнына не істер екен? Бізді қойшы сол бағдарламалар кестесін грузиялықтар көргенде не болар еді дейміз ғой!

Сент-Патрикс» (Ирландия) – «Шахтер» (Қазақстан) – 2:0 (1:0). Бірінші матч – 1:2 Голдар: Макмиллан 14, Дойл 70. Сент-Патрикс: Роджерс, Пендер, Бирмингем, И. Макмиллан, Макфаул, Каванах, Брэдли (К), Норт (Д.Макмиллан 77), Дойл (Мерфи 86), Шортхолл, Дэли (Малкэхи 83). Шахтер: Мокин, Киров, Ұтабаев (Борантаев 80), Василевич, Вичюс, Көкеев, Байжанов, Джидич (К), Қонысбаев, Петрониевич (Досманбетов 73), Хижниченко. Ескертулер: Шортхолл 31, Норт 45, Брэдли 82, Каванах 90 — Хижниченко 31, Байжанов 45, Петрониевич 63, Қонысбаев 78, Джидич 80. Төреші: Себастьен Дельферьер (Бельгия). Дублин. «Ричмонд Парк».

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров