Жарнама
Жарнама

«Шахтер» «Стяуаны» пенальти сериясында жеңіп, Конференция Лигасының келесі кезеңіне шықты

30.07.2021, 02:50
Жеңімпазды анықтау үшін пенальти сериясы қажет болды.
Жарнама
Жарнама

"Шахтер" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде румыниялық "Стяуа" клубымен кездесті. Армениядағы "Республикалық" стадионда өткен қарымта матч 2:1 есебімен аяқталды. Қос матчтың нәтижесі бойынша есеп тең болғандықтан, ойын экстра-таймға, одан әрі пенальти сериясына ұласты.

Кездесудегі алғашқы голды 11-минутта "Шахтердың" қорғаушысы Михаил Габышев соқты. Ал 76-минутта Флоринел Коман қорғаушылардың қателігінен кейін таразы басын теңестірді. Бірақ 91-минутта қосалқы құрамнан алаңға шыққан Айдос Тәттібаев қайтадан командасын алға шығарды.

Экстра-таймда қос команда гол соға алмады. Ал пенальти сериясында "кеншілердің" бағы жанды. "Шахтер" сапында Эдин Рустемович, Стефан Букорац, Иван Граф, Давид Атанаскоски, Айдос Тәттібаев пенальтиден мүлт кетпеді. Ал "Шахтер" қақпашысы Игорь Шацкий қарсылас ойыншының соққысын қайтара білді.


"Кеншілер" үшінші айналымда украиналық "Колос" командасымен күш сынасады

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров