Жарнама
Жарнама

«Шахтер» тағы бір легионермен толықты

12.01.2022, 18:29
Футболшы соңғы төрт ай бойы ойнамаған.
Жарнама
Жарнама

26 жастағы босниялық қорғаушы Джордже Чосич қарағандылық «Шахтер» клубына ауысты, деп хабарлайды Mondo басылымы.

Чосич сол қапталдағы қорғаушы позициясында ойнайды, ол ұзын бойлы футболшы (187 см) болғандықтан, орталықта да ойнай алады. Джордже кәсіпқой мансабын 2016 жылы бастап, содан бері босниялық «Дрина», «Звезда 09», «Зриньски Мостар», «Витез» және «Борац» сынды клубтарда ғана өнер көрсетті.

«Қазақстан мен үшін жаңа сынақ және мен осы елде ойнауды асыға күтемін. Маған артылған сенімді ақтаймын деген үміттемін», - деді Чосич босниялық газетке берген сұхбатында.

Жалпы, Джордже Чосич өз мансабында 142 кездесу өткізіп, 4 гол мен 4 ассисттің авторы атанды.

Беделді Transfermarkt порталы оның құнын 250 мың еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров