Қарағандылық «Шахтер» командасының бас бапкері Әли Әлиев Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында командадағы қандай позицияларды күшейту керек екенін және тағы қанша футболшы алғысы келетінін мәлімдеді.
- Трансфер терезесі 17 сәуірге дейін ашық болады. Осы уақытқа дейін командаға жаңа ойыншылар келе ме?
- Әрине, үш жаңа ойыншы келеді. Маусымға қойылған міндеттерді де орындаймыз. Біздің әлеуетіміз бар деп ойлаймын. Егер біз жаттығу процесін толық жүргізетін болсақ, онда бәрі ойдағыдай болатынына сенімдімін.
- Сіз қандай позицияларды нығайтуды жоспарлап отырсыз?
- Тағы бір шабуылшы, бір вингер және қапталда ойнайтын қорғаушы керек.
Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» өткен жылы Премьер-лигада төртінші орын алып, УЕФА-ның жаңа турнирі - Конференция лигасына жолдама алған еді. Команда жаңа маусымды Қазақстан Суперкубогіндегі ойындармен бастады - жартылай финалда «Астанадан» (0:2), үшінші орын үшін болған матчта «Қайраттан» (1:2) ұтылды. Қарағандылық клуб Премьер-Лиганың алғашқы турында «Атырау» командасына қонаққа барады (13 наурыз).
Біздің серіктес: FONBET