Бүгін Қазақстан Кубогінің екінші туры аясында "Шахтер" мен "Қызыл-Жар" командалары өзара мықтыны анықтады. Кездесу Қарағандыдағы Орталық стадионда өтіп 3:2 есебімен аяқталды.
Алғашқы гол ойынның екінші таймында соғылды. 48-минутта Юрий Бушманның айып добынан жасаған соққысын Игорь Шацкий қайтара алмай, өз қақпасына кіргізіп алды. 66-минутта Семир Смайлагич "Қызыл-Жар" жейдесіндегі алғашқы голын соқты. Бірақ ойынның 75-минутында Айдос Тәттібаев баспен қақпаны дәл көздеп есеп айырмасын қысқартты. 86-минутта дәл осы шабуылшы дубль рәсімдеді. Қос команда бір ұпайға қанағат ете ме деп едік, 89-минутта Дэвид Атанаскоски жеңіс голын соғып кетті.
А тобында қарағандылық ұжым 3 ұпаймен екінші орынға көтерілді. "Қызыл-Жардың" да еншісінде үш ұпай бар. Себебі оның алғашқы турдағы қарсыласы атанған БЖМОРСМ 8 командасына техникалық жеңіліс жазылды.
Біздің серіктес: FONBET