Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымдағы үздік бомбардирлерінің бірі Педро Эужениоға қарағандылық "Шахтер" клубы көз тікті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
"Шахтер" басшылығы жаңа бас бапкер тағайындалғаннан кейін қысқы трансферлік терезеде жіберілген қателерді түзетуге кірісті. Осылайша, қарағандылық клуб "Тараздың" португалиялық футболшысын шабуылды күшейту нұсқасы ретінде қарастыруда.
Сонымен қатар қысқы трансферлік терезеде команда сапына қосылған бірнеше ойыншы "Шахтерден" кетуі мүмкін.
Чемпионаттың алғашқы жеті турында 30 жастағы Эуженио "Тараз" үшін төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Португалиялық шабуылшы бұған дейін талдықорғандық "Жетісу", болгариялық "Берое" және "Верея", сондай-ақ түркиялық "Алтай" клубтарында ойнаған.
Біздің серіктес: FONBET