Шахтер Қазақстан кубогі топтық кезеңінің бірінші турында Тұранды қабылдады. Матч Қарағандыдағы Шахтер стадионында өтіп, 4:0 есебімен аяқталды.
Айта кету керек, түркістандық клуб бұл ойынға тек жастарын алып келді. Ойынның 16-минутында есеп ашқан Роман Мұртазаев 30-минутта дубль авторы атанды. Жеті минуттан кейін Тоқтар Жаңғылышбай пенальтиден мүлт кетті. 61-минутта Михаил Габышев мергендігімен көзге түссе, 86-минутта Иван Граф кездесудің нүктесін қойды.
«Шахтёр» – «Туран» – 4:0
«Шахтёр»: Егор Цуприков (қ) – Джордже Чосич, Владимир Хозин, Иван Граф, Александр Позняк, Михаил Габышев (к) – Роджер Каньяс, Стефан Букорац – Тоқтар Жаңғылышбай, Иван Свиридов, Роман Мұртазаев;
«Тұран»: Бекжан Тоқтарбай (қ) (к) – Қуаныш Дүйсенбекұлы, Рафаэль Корома, Дәурен Қасымбек, Руслан Жанысбаев – Рахат Үсіпханов, Кұрбан Байшық, Ғани Сүлеймен – Асылжан Аббас, Ален Айманов, Бақдәулет Зульфикаров;
Біздің серіктес: FONBET