Жарнама
Жарнама

«Шахтер» украиналық клубтан жеңілді

13.02.2022, 15:03
Қарағандылық клуб соңғы минутта гол жіберіп алды.
Жарнама
Жарнама

Қарағандылық «Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында донецкілік «Шахтерден» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. «Кеншілер» сапында Кирилл Маляров мергендігімен көзге түсті. Ойынның 73-минутында Стефан Букорац қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

«Шахтер»: Игорь Шацкий (қ) – Джордже Чосич, Владимир Хозин, Иван Граф, Михаил Габышев – Стефан Букорац, Роджер Каньяс, Тимур Досмағамбетов, Петрос Аветисян – Николай Ковталюк, Роман Мұртазаев

Украина Премьер-лигасының ағымдағы маусымында «Шахтер Донецк» «Динамо Киевтен» 2 ұпайға озып, бірінші орында тұр. Ал өткен маусымда команда Украинаның вице-чемпионы атанды.

15 ақпанда Магомед Адиев шәкірттері ресейлік «Шинникпен» жекпе-жек өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров