Жарнама
Жарнама

«Шахтер» украиналық шабуылшымен қош айтысты

07.06.2021, 02:51
Шабуылшы 13 матчта небәрі 2 гол соқты.
Жарнама
Жарнама

Қарағандылық "Шахтер" 30 жасар украиналық шабуылшы Виталий Балашовпен өзара мәміле бойынша келісім-шартты бұзды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

30 жастағы футболшының соңғы клубы ресейлік "Тамбов" болды, онда ол маусымның бірінші бөлігінде жеті матч өткізді. Бірақ ешқандай тиімді іс-әрекетпен көзге түсе алмады.

РПЛ-ге ауысар алдында Балашов екі жыл бойы "Олимпик Донецк" клубының намысын қорғады. Ол сондай-ақ "Черноморец", "Говерла", "Висла", молдовиялық "Милсами" және белоруссиялық "Ислочь" командаларында ойнады.

Айта кетейік, Балашов "Шахтер" сапында 13 матч өткізіп, екі гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров