Жарнама
Жарнама

«Шахтер» үш ойыншымен қоштасты

17.06.2022, 19:19
Қарағандылық клуб мерзімінен бұрын келісім-шарттың күшін жойды.
Жарнама
Жарнама

Қарағандылық «Шахтер» үш ойыншымен еңбек келісім-шартын үзді.

ҚКФЛ ресми сайтында жарияланған тізімнен беларусь футболшысы Павел Назаренко және ресейліктер Кирилл Маляров пен Амир Адуев алынып тасталды.

Биылғы маусымда Маляров қарағандылық команда сапында он ойын өткізіп, өз қақпасына гол соғып алды, Назаренко алаңға төрт рет, ал Адуев сегіз рет шықты.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Назаренконың «Ақжайыққа» қайта оралатыны туралы ақпарат тараған еді.

Айта кетейік, 11 ойын өткізген «Шахтер» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде жетінші орында келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров