Жарнама
Жарнама

"Шахтер" жеңді, "Ертіс" тең түсті

15.07.2011, 05:22
Жарнама
Жарнама

Қарағандылық "Шахтер" биылғы Еуромаусымдағы өз алаңындағы екінші кездесуінде де 2:1 есебімен жеңіске жетті. Өткен ойында қос голдың авторы бір ойыншы болса, бұл жолы да тура сондай жағдай қайталанып отыр. "Копер" қақпасынан саңлау тапқан Қонысбаевты бұл жолы Василевич алмастырды. Алып қорғаушы британдықтарға баспен қалай ойнау керектігін көрсетті.

«Шахтер» (Караганда, Казахстан) — «Сент-Патрикс» (Дублин, Ирландия) 2:1 (0:0) Голдар: Василевич 52 (1:0), Д. Макмиллан 79 (1:1), Василевич 86 (2:1) Ескертулер: Финонченко 65, Досманбетов 90 — Д. Макмиллан 71 «Шахтер»: Мокин, Киров. Вичюс, Василевич, Утабаев, Кукеев, Байжанов (Досманбетов 90), Финонченко (Петроньевич 80), Джидич, Конысбаев (Боровский 90), Хижниченко «Сент-Патрикс»: Роджерс, Пендер, Бермингем, И. Макмиллан, Макфаул, Каванаг, Брэдли (Гатри 90), Дойл, Шортхолл, Краули (Дэли 77), Мерфи (Д. Макмиллан 63) Бас төреші: Кристо Тохвер (Эстония) Қапталдағы төреші: Ханнес Рейнвальд и Силвер Койв (екеуі де — Эстония) 14 шілде. Қарағанды. Стадион «Шахтер».

Осы ойыннын кейінгі туған пікірлерге тоқталар болсақ, ирландия жерінде "Шахтерге" өте сақ ойнау керек. Әсіресе қорғаныста. Баспен қатты ойнайтын ирландиялықтарды бойшаң қорғаушылармен тұсаулаған жөн. Кумыков бапкерге қос қапталдағы жартылай қорғаушыларды жақсы пайдалану да артықтық етпес еді.

«Шахтёр» егер де «Сент-Патрикс Атлетик»командасынан келесі кезеңге өтетін болса онда оның қарсыластары мына командалар болуы мүмкін:  «Палермо» (Италия), «Динамо» (Бухарест, Румыния), «Рейкьявик» (Исландия) — «Жилина» (Словакия) жұбының жеңімпазы, «Карпаты» (Украина), «Таурас» (Литва) — «Ден Хааг» (Нидерланды) жұбының жеңімпазы.

«Металлург» (Рустави, Грузия) — «Ертіс» (Павлодар, Казахстан) 1:1 (0:0) Голдар: Квахадзе 73 (1:0), Даскалов 79 (1:1) «Металлург»: Бедиашвили, Майсурадзе, Квахадзе, Размадзе, Кобалия (Татанашвили 64), Гецадзе (Кавтарадзе 78), Модебадзе, Джапаридзе, Микаберидзе (Ткемаладзе 84), Махвиладзе, Орбеладзе Запасные: Батиашвили, Абруджания, Павлиашвили, Ломая «Ертіс»: Цирин, Чернышов, Данаев, Кулибали, Тілешев (Мальцев 46), Иванов, Балажич, Даскалов, Симиниди (Заречный 70), Сергиенко (Асанбаев 88), Говедарица Бас төреші: Рене Айснер (Австрия) Қапталдағы төрешілер: Клаус Штрассер, Рихард Хюблер (екеуі де — Австрия) 14 шілде. Рустави. «Полади».

Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңіне өтетін керемет мүмкіндік Кереку қаласының ойыншыларына туып тұрған секілді. Сырт алаңда гол соғып, есепті тең ұстап қайту - кубоктық бәсекелерде өте жақсы нәтижеге баланады.

Өз алаңда ойнайтын "Ертіске" басты нәрсе - гол жіберіп алмау.

«Ертіс» грузиялық «Металлург» командасын артта қалдырып келесі кезеңге өтер болса, онда төмендегі командалармен күш сынасуы ықтимал. "Хапоэль» (Тель-Авив, Израиль), «Ренн» (Франция), «Левски» (Болгария), «Витория» (Португалия), «Минск» (Беларусь) — «Газиантепспор» (Турция) жұбының жеңімпазы.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров