Жарнама
Жарнама

"Шахтер", "Жетісу" және "Ақтөбе"

29.10.2011, 22:36
Жарнама
Жарнама

Міне, ағайын осымен биылға Қазақстан премьер-лигасы да өз мәресіне жетті. Сонымен бас жүлдеге таласқан «Шахтер» мен «Жетісу» алтын тәждің тағдырын шешті. Өз алаңында жеңіске жетіп, «Жетісудің» жеңілісін жақсы пайдаланған "кеншілер" өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атанды. Қарағанды тойың құтты болсын! Соңғы ойында Сергей Хижниченко желпініп, екі мәрте гол соқты. Енді келер жылы алтынмен апталған аяқдопшылар Чемпиондар лигасында өнер көрсететін болады. Ұтып тұрып, жеңісті қолдан жіберген «Жетісу» күміске де қанағат тұтады. Жалпы алғанда Асқар Қожабергенов командасына осы нәтиженің өзі «керемет» деп бағалануы тиіс. Талдықорғандықтар болса келер жылы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсететін болады. Үшінші орынға соңғы сәтте ғана қол жеткізген «Ақтөбенің» қуанышын ерекше атап өткен жөн. Барша қазақстандық футбол жанкүйерлері осы нәтижені күткен болатын. Өйткені, «Ақтөбе» үшінші орынды иеленсе келер жылы еурокубоктық ойындарға қатысу құқына ие болатын еді. Және Шымкентте өткен кездесуде осы мәселе толықтай шешілді. Ойынның 85-минутында есеп 2:2 болып тұрды. Бірақ, Малик Мане мен Владимир Джиллас секілді сұрмерген шабуылшылар таразы басын қонақтарға қарай бірден аудара салды. Біріншіліктен «Востоктың» шығып кеткені баяғыдан белгілі болған. Енді оның қатарына өз алаңында «Таразды» ұта алмаған «Қайрат» қосылды. Алматылық ұжым ағылшындық бас бапкерімен бірге бірінші лигаға аттанды. Қазақ футболының флагманы енді мүлде төмен деңгейге түсіп кетті. Әлдебір ақпарат көздерінің айтуынша алматылық клуб жоғарғы топта қалуы үшін келер жылғы премьер-лига командаларының саны артып қалуы да ықтимал екен. Не де болса барлығын алдағы уақыттарда көретін боламыз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

1–6 орын «Шахтер» — «Астана» 2:0 (1:0) Голдар: Хижниченко 19 (1:0), Хижниченко 81 (2:0) «Ордабасы» — «Ақтөбе» 2:4 (2:2) Голдар: Костич 26 (0:1), Аверченко 30 (0:2), Нұрғалиев 32 (1:2), Ашірбеков 44 (2:2), Мане 90 (2:3), Джилас 90 (2:4) «Ертіс» — «Жетісу» 2:1 (0:) Голдар: Остапенко 20 (0:1), Кулибали 77 (1:1), Мальцев 78 (2:1) Алаңнан қуылған: Джалович 43 7–12 орын «Қайсар» — «Атырау» 1:0 (1:0) Гол: Малков 30 (1:0) Алаңнан қуылған: Травин 35 «Восток» — «Тобол» 1:3 (0:1) Голдар: Гридин 38 (0:1), Бекрич 65 (0:2), Жолшиев 68 (0:3), Жұмаханов 81 (1:3) «Қайрат» — «Тараз» 1:1 (0:0) Голдар: Недашковский 60 (0:1), Голвоской пенальтиден 90 (1:1) «Кайсар» — «Атырау» 1:0 (1:0) Гол: Малков 30 (1:0) Удаление: Травин 35 «Восток» — «Тобол» 1:3 (0:1) Голы: Гридин 38 (0:1), Бекрич 65 (0:2), Джолчиев 68 (0:3), Жумаханов 81 (1:3) «Кайрат» — «Тараз» 1:1 (0:0) Гол: Недашковский 60 (0:1), Голвоской с пенальти 90 (1:1) Қорытынды кесте
О Ұ Т Ұ Д Ұ
1 «Шахтер» 32 19 6 7 52 - 29 42
2 «Жетісу» 32 19 5 8 51 - 27 38
3 «Ақтөбе» 32 15 9 8 53 - 31 34
4 «Астана» 32 16 7 9 50 - 37 33
5 «Ертіс» 32 15 5 12 50 - 50 32
6 «Ордабасы» 32 11 10 11 41 - 36 28
7-12 орындар
О Ұ Т Ұ Д Ұ
1 «Тобыл» 32 14 3 15 48 - 44 32
2 «Қайсар» 32 10 5 17 29 - 53 27
3 «Тараз» 32 10 5 17 30 - 39 25
4 «Атырау» 32 8 10 14 28 - 43 24
5 «Қайрат» 32 8 8 16 30 - 47 22
6 «Восток» 32 5 11 16 23 - 47 17
Мергендер
1 Бакаев Улугбек «Жетісу» 18 (3)
2 Хижниченко Сергей «Шахтер» 16 (0)
3 Гридин Сергей «Тобыл» 12 (0)
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров