Жарнама
Жарнама

«Шахтердің» армениялық қақпашысы командадан кетті

02.12.2020, 23:19
Қақпашы маусымның бастапқы бөлігінде негізгі құрамнан орын алған еді.
Жарнама
Жарнама

Армения ұлттық құрамасының 34 жастағы қақпашысы Давид Юрченко қарағандылық "Шахтерден" кетті, деп хабарлайды Sport24.ru.

"Менің "Шахтермен" келісімшартым аяқталды, және қазір еркін агентпін. Әзірге болашақ туралы нақты шешім қабыллаған жоқпын. Мүмкін мен Ресейге оралатын шығармын. Енді оның қалай болатынын көрейік", - деді Юрченко.

Өткен маусымда Юрченко "Шахтер" сапында жеті матч өткізіп, сегіз гол жіберіп алды. Соңғы рет қақпашы алаңға Премьер-Лиганың оныншы турында "Жетісуға" қарсы матчта шықты (2:3). Юрченко биыл Армения құрамасында дебют жасады, онда алты ойын өткізді.

Маусым соңында "Шахтер" чемпионатта төртінші орын алып, еурокубокқа жолдама жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров