Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Шахтердың" жартылай қорғаушысы Жан Али Пайруз "Каспий" командасымен келісім-шартқа отырды.
Ақтаулық клуб "Таразға" кеткен Арман Нүсіптің орнына ойыншы іздеді, нәтижесінде таңдау 21 жастағы Пайрузға түсті.
"Шахтердың" ең талантты тәрбиеленушілерінің бірі "Каспийде" жалдау шарты бойынша ағымдағы маусымның соңына дейін ойнайды.
Пайруз осы маусымда 11 матч өткізіп, бір гол соқты. Сондай-ақ футболшы Қазақстан Кубогінде екі рет гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET