Жарнама
Жарнама

«ШАХТЕРДЫҢ» ШУЫ

24.08.2013, 04:00
Жарнама
Жарнама
22.08.2013 19:47 Шалқар ЕСТЕН
Бұған дейін қазақтың бір ко­мандасы Шотландияның «Сел­тигін» ұта алады десеңіз бәрі миығынан күлер еді. Ол мүмкін еместей көрі­нетін. Бірақ Қарағандының «Шах­теры» азулы ұжымды алғашқы ойында ұтып, күллі Еуропаны шуылдатты.  Шуды бастайтындардың бірі – бұ­қаралық ақпарат құралдары. Қарт құрлықтың беделді басылымдары қазақ ұжымының жеңісіне арнайы назар аударысты. Британияның The telegraph басылымы «Селтиктің» жеңілісі шот­ландиялық жанкүйерлерге ауыр соққы болып тигенін, ешкім де «Шахтер» же­ңіске жетеді деп ойламағанын айтады. Олардың пікірінше Андрей Финончен­ко соққан гол шотландиялықтардың ойын жоспарын бұзған. Әйгілі BBC агенттігі: «Кельттердің топтық кезеңге шығамыз деген үмітін Қа­рағандының «Шахтер» клубы сөн­діруге таяу. Бұл жеңіліс – «Селтикке» қатты тиді. Қарағандылық команда қарсыласының атақ-беделіне қарамас­тан ойын тізгінін қолға ала білді», – дейді. Шотландиялықтардың The Scotsman деген басылымы «Үміт кісенделді» деген тақырыппен мақала жариялап, «Шах­тердың» жеңісін тосын жаңалық деп бағалады. Еуроспорттың орыс қызметінің тілшілері уытты әзілдерімен шотлан­диялықтарды мұқатып қалды. Олар көпшілікті әсіре жанкүйерлерге арналған қазақ-орыс сөздігімен таныстырды. «Ресей сіздермен бірге!» деп ұрандатқан еуроспорттықтар жауап ойында «Шах­тердің» тілеуін тілемек. Бұлардан өзге тағы бірнеше бұ­қаралық ақпарат құралдары қараған­дының «Шахтерын» әспеттеп, оның «Селтикті» жеңуін ерлікке балады. Алда жауап кездесу. Топтық кезең мәселесі әлі шешілген жоқ. «Шахтердың» бас бап­кері Виктор Кумыков: «Осы жеңістен ке­йін топтық кезеңге өту мүмкіндігіміз сәл артты» деді. «Селтиктің бас бапкері де үміт оты сөнбейтінін, жауап ойында жеңіске жететіндеріне сенімді екенін мәлімдеді. Қарағандылықтар Шотлан­дия жеріндегі бәсекеде өте қиын болатынын жақсы түсінеді. Ал жан­күйерлердің басым көпшілігі келесі кезеңге «Шахтер» өтеді деген сенімде. Қалай десек те, «Шахтер» алғашқы ойында «Селтикті» ұту арқылы қазақ футболының мәртебесін өсірді. Шот­ландиядағы кездесуде мәртебеміз төмендей көрмесе екен.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров