Қазақстан Премьер-лигасының бірінші туры аясындағы «Астана» мен «Шахтер» арасындағы матчта елордалық клуб сапында жеті шетелдік ойыншы бір мезгілде алаңға шықты, бұл Қазақстан чемпионатының регламентіне қайшы келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бастапқы негізгі құрамда ережемен рұқсат етілген алты легионер болды: Марко Милошевич (Сербия), Брайан Сильва (Бразилия), Даниил Бескоровайный (Украина), Жереми Манзорро (Франция), Педро Эуженио (Португалия) және Марин Томасов (Хорватия).
80-минутта либериялық ойыншы Мохаммед Камара Абат Айымбетовтың орнына алаңға шықты. Бұл ретте негізгі құрамдағы легионерлердің ешқайсысы ауыстырылған жоқ. Осылайша, Камара «Астана» сапындағы жетінші легионер атанды.
Айта кетерлігі, матч 0:0 есебімен аяқталған болатын.
Қазақстан Премьер-лигасы, 1-тур
«Астана» – «Шахтер» – 0:0
«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Брайан Сильва, Даниил Бескоровайный, Денис Поляков (Станислав Басманов 79), Абзал Бейсебеков (к) (Талғат Кусяпов 70) – Исламбек Қуат (Макс Эбонг 63), Аслан Дарабаев, Жереми Манзорро – Педро Эуженио, Марин Томасов, Абат Айымбетов (Мохаммед Камара 80);
«Шахтёр»: Игорь Шацкий (қ) (к) – Тимур Досмағамбетов (Павел Назаренко 88), Джордже Чосич, Иван Граф, Михаил Габышев, Кирилл Маляров – Стефан Букорац, Роджер Каньяс, Абылайхан Назымханов (Абдель Ламанж 88), Эдин Рустемович (Амир Адуев 70) – Роман Мұртазаев (Айдос Тәттібаев 84);
Біздің серіктес: FONBET