Жарнама
Жарнама

Шахтёр жанкүйерлері азаймайды

30.09.2013, 18:14
Жарнама
Жарнама
Жеңісті жолын әйгілі БАТЭ командасынан бастаған Қарағандының Шахтёрі жайлы айтатын әңгіме көп. Чемпиондар лигасына шығуға біртабан қалып еді сонау бір кезде.Қарымта матчта Селтик командасына топтық кезеңге бастайтын жолдаманы бере салған еді. Әттеген- ай, сол бір кез әлі де жанкүйерлердің есінде. Шахтёр өзін көрсетті, мықты командалармен терезесі тең ойынады. Дәл осылай Еуропа жұрты қазақ жеріне көз тікті. Арнайы бағдарламада түсірді емес пе тіпті Ресей телеарналары?! Чемпиондар лигасының әнұраны Астана- Аренада қойылғанда жанкүйерлердің эмоцияға беріліп кеткенін айтсаңшы... Жарасымды, заңдылық! Енді Шахтёр мықты команда қатарына қосылды. Жанкүйерде әжептәуір жиналды. 30 мың адам сиятын Аренада тіпті ине шаншар орын болмаған. Мұндай жағдай Қазақстан- Германия кездесуінде ғана болған еді. Әрине, ол кезде неміс жұлдыздарын көру үшін жиналды ғой. Ал, Шахёр- Селтик ойынында ше? Жанкүйерлердің өз командаларына деген ықылас, ниетіне еріксіз бас идік. Осындай сүйікті командамыздың еңбекқорлығына риза болып, жанкүйерлері Селтикпен болған қарымта матчтағы қателіктерді кешірді. Оқасы болмас. Біз Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алдық. Қазақ елінің тарихында алғаш рет орын алған жағдай бұл... D427F459-79BA-40A4-829B-BAEE3ACECB0C_mw1024_n_s Жеребе жолдас болып, Шахтер ортаңқол командалармен бір топқа түсті. Біз енді алдағы кездесуден үлкен нәтиже күттік. Топтық кезең басталам дегенше Шахтёр премьер- лигада ойындар өткізді. Тағыда жанкүйерлер назарынан тыс қалмады кездесулер. Ордабасы өз алаңында жауапсыз 4 гол соқты. Екінші құраммен шықты дейсіз бе? Дегенмен Шахтёр командасы жеңілді. Дәл осылай бірінен соң бірі ащы жеңілістер жалғаса берді. Ең өкініштісі, Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы матчта ұтып тұрып ұтылғанымыз. Грекияның ПАОК командасына 2:1 есебімен жол бердік. Тең ойында жеткілікті еді. Бірақ өрескел қателіктерді пайдаланып жеңісті жұлып әкетті. Барша жанкүйерлер бұл жолы кешірместей еді. Бірақ спорт болғаннан кейін жеңіліс бар, жеңу бар. «Доп домалақ»- деген қағида тағы бар. Осы бір әттеген- ай сәтсіз матчтан кейін келесі Шахтёрдің Аренадағы ойынына жанкүйер аз келеді ме деген ой болды. Әрине аздаған ренішпен айтылған болжам болатын. Бірақ Шахтёр жанкүйері азаймайды. Жанкүйер он екінші ойыншы деп бекер айтылмаса керек. Ащы жеңілістер команданың келесі ойынына бөгет бола алмайды. Ендеше 3- Қазан Астана - Аренада Шахтёр- Маккаби Хайфа ойыны күтіп тұр жанкүйерлерді. Бұйырса керемет «толқындар» пайда болар. Маккабиді ұтсақ, топтан шығуға мүмкіндік бар екенін ұмытпауымыз керек. Одан кейінгі ойын өз алаңымызда топ фовариті АЗ Алкмар командасымен. Ендеше Маккабиді ұту маңызды. Шахтёр бізді жерге қаратпайды деген сенімдеміз. Қазір топ басында Аз Алкмар командасы. Егер біз Маккабиді ұтсақ, одан кейінде екінші орынға жайғасуға тырысамыз. .....Шахтёр шаршады,енді ойнай алмайды деген қауесетте жетерлік. Бірақ, ол орынсыз пікірді жоққа шығару жанкүйерлердің де қолынан келеді. Алға Шахтёр, Алға!!! Осы сөздерді жанкүйірлер тоқтамастан айтады. Ендеше Шахтёр жанкүйірлері азаймақ емес.077_1024
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
ПАОК-ШАХТЕР 2-1