Шайзада ҚПЛ таңдады

01.12.2023, 00:26


 Бекхан Шайзада Түркияның бірінші дивизионында өнер көрсететін командаға ауысудан бас тартты.

 Ол өткен маусымда чемпион атанған “Ордабасыда” қала беруді жөн көрген екен. Оның алдағы мақсаты шымкенттік ұжымның еурокубоктік кездесулеріне көмектесу болып табылады.

 Оңтүстік ұжымда қақпашы үлкен футболға қадам басқалы өнер көрсетіп келеді. 2016 жылдан бері Бекхан ҚПЛ 72 ойын өткізіп үлгерді.

Одан тағысы, Шайзада ұлттық құрамаға тұрақты түрде шақыртылып тұрады.