Жарнама
Жарнама

Шахмұрза Адырбеков: “Бұл Еуропадағы жолымның басы ғана”

22.09.2025, 21:00

Словакияның "АС Тренчин" клубына ауысқан жас жартылай қорғаушы Шахмұрза Адырбеков ASnews.kz басылымына берген сұхбатында алғашқы әсерлерімен бөлісті.

Жарнама
Жарнама

"Әрине, эмоциям өте жақсы болды. Кішкентай кезімнен Еуропада ойнауды армандадым. Бірақ бұл тек бастамасы деп ойлаймын, ұзақ уақыт бір жерде қалып қоймай, одан да мықты лигаға өткім келеді. Мұндағылардың футболға деген сүйіспеншілігі мені таңғалдырды, жаттығуда да бәрі керемет.” – деді ол.

Адырбеков "Тобылдың” түлегі. Ол жастар құрамасынан бастап негізгі команда сапында да дебют жасаған. Екінші лигада 8 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берсе, QJ League-де 18 ойында 4 гол соғып, 2 ассист жасаған. 

Өткен маусымда ол алғаш рет "Тобылдың" негізгі құрамында Қазақстан кубогында алаңға шыққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров