ЕЛ 2-іріктеу кезеңінің жауапты кездесулері
Арда Тұран украиналық команданы Еурокубоктерге тамаша дайындап әкелді – 5 матчта 16 гол соғып, 3-ақ доп жіберген. Стамбулда азулы қарсыласты 4:2-мен жеңіп қайтты. Енді бүгін Польша жерінде сол басымдықты сақтап, ыңғайы келсе тағы ұтуға тырысады. Алғашқы айналымда украиналық топ-команда финляндиялық «Ильвесті» тас-талқан еткен 6:0, 0:0.
«Бешикташ» өз алаңындағы тартысты матчта көп мүмкіндікке ие болған. Алайда, Оле-Гуннар Сульшердің командасы жеңіліс тапты. Норвегиялық маман өзінің камбэк жасайтын ерекше қырымен танымал. Бүгін Жешув қаласындағы қарымта ойында сол қасиетін тағы бір таныта ала ма?
Бұл бәсекеде командалар ашық ойнап, көп гол соғады деп ойлаймыз. Сол үшін матчтың жалпы тоталы 3-тен көп болады деген нұсқаны таңдап отырмыз. Бұл варианттың коэффициенті 1.85.
«ЧФР» Клуж – «Лугано» матчына болжам
Еуропа Лигасының 2-іріктеу кезеңінің жауапты кездесуінде румыниялық клуб швейцариялық қарсыласын қапы қалдыруға тырысады. «Луганоның» алаңындағы бәсекеде екшім гол ұра алған жоқ. Бүгін де ойын сондай нәтижесіз бола ма, жоқ қарсыластар барын салып, голдан тарту жасай ма? Дан Петрескудің шәкірттері алғашқы айналымда еш қиындық көрмеді. «ЧФР» 1-іріктеуде венгриялық «ПАКШ» клубын жарыс жолынан шығарып тастады 0:0, 3:0.
Былтырғы Швейцария чемпионатының 4-орын иегері өзінің алаңында қорқақтау қимылдап, тең тарқасты. Енді жауапты матчта румыниялықтар жағында сәл басымдық болады. «Лугано» ішкі чемпионаттың өткен турында «Тун» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған.
Біздің болжам – келесі кезеңге алаң иелері шығады. «ЧФР-дың» ерлігіне сенім артсаңыздар Fonbet.kz-тен 1.65 коэффициентімен бәс тігуге болады.
«Утрехт» - «Шериф» кездесуіне болжам
Нидерландылық команда маусымға дайындық барысын аса сәтті өткізе алмаған. «ФКСБ», «Шарлеруадан» тапқан жеңіліс клуб жанкүйерлерін біраз алаңдатты. Бірақ, Рон Янс шәкірттері ресми бәсекеде құлпыра түскендей. Тираспольдегі бірінші матчта «Утрехт» «Шерифке» ешқандай мүмкіндік қалдырған жоқ. Енді бастаған ісін бүгін аяқтап, келесі кезеңге шығуды көздейді.
Молдовалық команда бүгінгі қарсыласына қарағанда Еурокубок жолын сәл ерте бастады – қос ойын қортындысында «Приштинадан» басым түскен болатын (4:0, 1:2). Бірақ, Виктор Михайловтың командасына нидерландылық қарсылас өте ыңғайсыз болғандай. «Шериф» бірінші кездесуде өзінің көп мүмкіндігін жүзеге асыра алмады. 1:3 болып ұтылудың басты себебі де осымен байланысты деуге болады.
Бұл матчта екі команда да гол салады деп ойлаймыз. Бұған берілген коэффициент – 2.02.
«АЕК» Ларнака – «Целе» кездесуіне болжам
Кипрлік клуб Еуропа Лигасының бірінші айналымында сенсация жасады. Ларнакалықтар сербияның топ-клубы «Партизанды» айналып өтті. Өз алаңында 1:0 басым түсіп, қарымта ойында пенальтилер сериясында бағы жанды. Словениялық қарсыласымен де мүмкіндігі жаман емес. Сырт алаңдағы 0:0-ден кейін «АЕК» бүгінгі ойында кішігірім фаворит саналады.
«Целе» де жарыс жолын 1-іріктеу кезеңінен бастап, Әзербайжан өкілі «Сабахтан» басым болды 2:3, 3:3. Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов қақпасын қорғайтын «Сабах» азулы қарсылық танытқан. Словениялық команда келесі кезең жолдамасын тек қосымша таймда ғана еншілей алды.
Бұл кездесуде жалпы тотал 2.5-тен кем болады деп топшылаймыз. Бұған сіздер 1.70 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.
Біздің серіктес: FONBET