Қарағандының "Шахтер" футбол клубы жекешелендіру процесінің маңызды кезеңінен өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Аукцион нәтижесі бойынша клубты сатып алу құқығын кәсіпкер Тимур Турлов басқаратын Freedom Holding Corp. компаниясы жеңіп алды.
Ресми мәлімет бойынша, жекешелендіру рәсімі Қазақстан Республикасының заңдарына толық сәйкес жүргізілген.
Процестің алдында клубтың балансындағы барлық мүлікке толық әрі тәуелсіз бағалау жасалды. Aукцион ашық форматта ұйымдастырылды, сауда нәтижесі бойынша жақын күндері сатып алу–сату туралы келісімшарт жасалмақ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін отандық спорт клубтарын жекешелендіру мәселесін көтеріп, бұл бағытта нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен еді.
"Шахтердің” жекешеленуі – осы тапсырманың орындалуы аясында жасалған жұмыстың нәтижесі.
Біздің серіктес: FONBET