Қарағанды ұжымы әлі де шетелдегі жиынын аяқтамады.
Естеріңізге салсақ, 20 ақпаннан бері “Шахтер” Белектегі үшінші ОЖЖ өткізіп жатыр. Кеншілер мұнда 5 наурызға дейін тұрақтауды жоспарлаған.
Жиын барысында Дмитрий Огай шәкірттері Балтика-2 ұжымын 1:2 есебімен жеңді. Одан кейін келісім бойынша “Шахтер” “Мурас Юнайтедпен” жолдастық матч өткізу керек болған. Алайда белгісіз себептермен қос команда жасыл алаңда жолықпады. “Шахтер” бұл жағдайдың шешімін екіжақты кездесумен қарастырып кетті.
Ендігі кезекте команда 2 наурыз күні ресейлік КДВ мен өзбекстандық “Газалкентке” қарсы тұрады. Арада үш күн өткеннен кейін “Шахтер” Қарағандыға оралып, үзіліске аттанады.
Біздің серіктес: FONBET