Жарнама
Жарнама

“Шахтер” сапы жаңа легионермен толықты

Қарағандылық “Шахтер” черногориялық қорғаушы Митар Чуковичпен келісімге келді.

Жарнама
Жарнама

29 жастағы қорғаушы Премьер-лиганың жаңа маусымын петропавлдық “Қызылжарда” бастады. Алайда Али Алиевтің командасында бірде-бір ойын өткізбеген футболшы аталмыш ұжымнан кеткен болатын. Легионердің Петропавл ұжымындағы орнын Юрий Бушман басты.

Митар өз мансабында “Петровац”, “Ловчен”, “Пролетер”, “Напредак”, “Вележ”, “Паневежис”, “Ритеряй” клубтарында өнер көрсетті.

Трансфермаркет 29 жастағы ойыншыны 250 мың еуроға бағалайды. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: