Жарнама
Жарнама

«Шахтер» сырт алаңда тең түсті

11.09.2025, 20:12

Футболдан Бірінші лигада фавориттердің қатарына кіретін Қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда қарсыласын жеңе алмады.

Жарнама
Жарнама

Алматының «AKAS» командасы мен Қарағандының «Шахтері» футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 21-турындағы кездесуде тең нәтиже тіркеді. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Матчтағы есепті 5-минутта Аруп Саутов ашқан болатын. Алайда бірінші таймның қосымша уақытында (45+2-минут) Айдос Тәттібаев таразы басын теңестірді.

«AKAS» — «Шахтер» 1:1 (1:1)
Голдар: Саутов 5 (1:0), Тәттібаев 45+2 (1:1).

Қарағандылықтар бұл тең көрсеткіштен кейін 4-орында қалды. Алайда олар «Жетісайдан» 2 ұпайға ғана озып тұр. Ал жекеменшік клуб саналатын AKAS командасы 32 ұпаймен 7-орынға тұрақтады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: