Кеншілер 20 ақпаннан 5 наурызға дейін Белекте қайта тәжірибесін шыңдамақ.
Дмитрий Огай бас бапкер болған команда Түркиядағы жиынын 9 қаңтардан бастаған еді. Антальяға жетісімен Қарағанды ұжымы венгриялық “Гонвед” (2:0) пен косовалық “Фероникелимен” (0:0) жолдастық ойындар өткізді. Сөйтіп бірінші ОЖЖ аяқтап, 30 қаңтарда кеншілер Белекте қайта бас қосты. Алдыңғы жиынмен салыстырғанда, Шахтер бұл кезеңде 3 бақылау ойындарына қатысты. Нәтижесінде Огай командасы “Андижан” және “Велеспен” 0:0 есептерімен тең тарқасты. “Қоқаннан” 1:3 есебімен жеңілді. Екінші ОЖЖ “Ленинградецке” қарсы матчпен аяқталуы тиіс еді. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты “Шахтердің” бұл бақылау кездесуі өтпей қалды.
Келер маусымда Премьерге шығуды мақсат еткен кеншілер ертең Белекте қайта жиналады. Мұнда “Шахтер” ойыншылары 5 наурызға тұрақтамақ. Аталған жиында командамен екі жылдық келісім шартқа отырған жартылай қорғаушы Ален Айманов жолдастық кездесулер арқылы дебют жасауы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET