Жарнама
Жарнама

“Шахтерді” лайықты биігіне қайтарамыз” — Бапкер жанкүйерлерге уәде берді

Бүгін, 15:10

Қарағандылық "Шахтердің" бас бапкері болып тағайындалған клуб аңызы Андрей Финонченко өз қызметіне қатысты алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бапкер команданың бағытын өзгертіп, бұрынғы айбынын тіктеуге дайын екенін жеткізді.

Финонченконың айтуынша, клубтағы өзгерістер бір жыл бұрын басталған жоспардың жемісі. Облыс әкімі Ермағанбет Қабдулаұлымен болған кездесуде өңірдегі футболдың жай-күйі мен инфрақұрылым мәселелері егжей-тегжейлі талқыланған.

"Әкім футболдағы түйткілдерден толық хабардар. Енді басшылыққа Тимур Руслановичтің келуімен жағдай оңалатынына және жүйелі жұмыс жолға қойылатынына сенім мол.” — деді бас бапкер.

Жаңа маусымда “Kеншілер” алдына асқақ міндеттер қойылып отыр. Финонченконың пайымдауынша, жетістікке жетудің басты құралы — босаңсуға жол бермейтін темірдей тәртіп пен кәсіби көзқарас.

Андрей Финонченко өз сөзінде "Шахтердің” Қазақстан футболындағы орны ерекше екенін қадап айтты. Жанкүйерлердің сағынышын басу үшін команда бұрынғы жүлделі орындарға таласатын деңгейге жетуі тиіс.

"Біз жұмысты бастап кеттік. "Шахтерді” өзіне лайықты биіктерге қайтару үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.” — деп түйіндеді маман.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров