Жарнама
Жарнама

"Шахтердің" бұрынғы жұлдызы «Жетісу» сапын толықтырды

30.07.2024, 14:33

Енді грузиялық футболшы Тимур Чогадзе талдықорғанның «Жетісуының» намысын қорғайды.

Тимур Чогадзе "Шахтер" сапында
Жарнама
Жарнама

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы бұған дейін өзбекстан біріншілігінде өнер көрсететін «Насаф» клубының жейдесінде доп тепкен еді. Сондай-ақ, Қазақстанға келместен бұрын жартылай қорғаушы өзінің еліндегі «Сабуртало», «Динамо» (Батуми) және «Рустави» сынды бірқатар клубтарда өнер көрсеткен. Бұдан бөлек, Чогадзе украина чемпионатының «Олимпик», «Ингулец» командаларының да намысын қорғаған. Грузиялық футболшы бірнеше маусым бұрын қарағандының «Шахтерінде» ойнап, кеншілердің көшбасшысының бірі болғанын да қоса кету керек. Грузия жастар құрамасында доп тепкен футболшы маусымды жақсы бастап, қазір біраз қиындықтарға тап болған талдықорғандық команданы тығырықтан шығарады деп күтілуде.

Айта кетейік, «Жетісу» ҚПЛ-дің 15 турынан кейін турнирлік кестеде жетінші орында келеді. Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын талдықорғандық ұжымның қоржынында 18 ұпай. Бірінші орында шымкенттің «Ордабасы».  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров