Жарнама
Жарнама

“Шахтердің” жаңа штабы – Кеншілерді элитаға кімдер қайтарады?

17.01.2026, 07:15

Қарағандылық "Шахтер" футбол клубы алдағы маусымға дайындықты пысықтап, бас бапкер Дмитрий Огайдың қол астында жұмыс істейтін жаттықтырушылар штабын толық жасақтады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Клубтың негізгі мақсаты — команданы қайтадан Қазақстан Премьер лигасына алып шығу.

Қарағандылық ұжым Премьер лигаға жолдама алу үшін тәжірибелі мамандарға сенім артып отыр. Bad Football телеграм арнасының мәліметінше Дмитрий Огай бастаған жаттықтырушылар штабына футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс, кезінде алаңда тер төгіп, Еурокубоктарда шыңдалған азаматтар енді.

Жаттықтырушылар құрамы:

• Андрей Финонченко — бас бапкердің көмекшісі

• Максим Гулик — жаттықтырушы көмекшісі

• Евгений Горячий — дене даярлығы жөніндегі жаттықтырушы

• Ильдар Шайхесламов — қақпашылар жаттықтырушысы

• Николай Стриганов — сарапшы (аналитик)

Медициналық және әкімшілік топ:

Команданың ішкі дайындығы мен футболшылардың денсаулығына төмендегі мамандар жауапты болады:

• Арыстанбек Баттақов (дәрігер), Игорь Горбунов (оңалту маманы), Алексей Гудзев пен Рамазан Мерекинов (уқалаушылар). Команданың әкімшілік жұмыстарын Андрей Островерхов үйлестіреді.

Тәжірибе мен беделдің үйлесімі

Дереккөздің жазуынша бұл штабтағы мамандар — қазақ футболының отымен кіріп, күлімен шыққан тұлғалар. Әсіресе, команда аңызы Андрей Финонченконың орны ерекше. Ол "Шахтердің” алтын дәуірін бастан өткерген, Еурокубоктарда тәжірибе жинақтаған маман ретінде команданың биік белестерді бағындыруына қажетті ішкі атмосфераны жақсы біледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров