"Шахтёр" футбол академиясының құрылысы жоспарға сай қарқынды түрде жалғасуда. Әкімшілік-тұрмыстық кешеннің іргетасы ресми түрде бекітіліп, нысан құрылыстың екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.
GOAL KZ телеграм арнасының мәліметінше алдағы бірнеше күн ішінде трибуналардың іргетасын құю жұмыстары басталады.
Стадион аумағында қазірдің өзінде котловандар қазылып, топырақ тығыздалған және су ағызу жүйесіне арналған арналары дайындалған.
Жобаның жалпы құны мен инвестиция көлемі де назар аударарлық. Freedom Holding Corp. компаниясы академия құрылысына 12 миллиард теңге көлемінде инвестиция құюда.
Біздің серіктес: FONBET