Қарағандылық “Шахтёр” командасы Бірінші лиганың 25-туры аясында турнир көшбасшысы “Каспиймен” кездесті. Маңызды матч Ақтауда өтіп, алаң иелерінің 3:2 есебіндегі жеңісіменаяқталды.
Кездесудің алғашқы голын 29-минутта “Каспийдің” жартылай қорғаушысы Бекзат Қабылансоқты. Алайда 11 минут өткен соң Қарағандылықтар есепті теңестірді. Гол авторы Арман Нүсіп.
Екінші таймда “Шахтёр” алға шыққанмен, бұл артықшылық ұзаққа созылмады. Ақтаулықтар тез арада есепті теңестіріп, ойынның соңғы бөлігінде жеңіс голын соғып, өз жанкүйерлерін қуантты.
Осы нәтиже бойынша “Каспи” 65 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап, ҚПЛ-ға Премьер лигаға шығуды ресми түрде қамтамасыз етті. Ал “Шахтёр” 50 ұпаймен төртінші орындақалды және жоғары лигаға жолдаманы енді соңғы турда шешетін болды.
Біздің серіктес: FONBET