Жарнама
Жарнама

«Шальке» Бундеслигада бірде-бір жеңіс әкелмеген бапкерін қызметінен босатты

19.12.2020, 03:34
Мануэль Баум жұмысынан қуылды.
Жарнама
Жарнама

Гельзенкирхендік “Шальке” клубы “Фрайбургтан” 0:2 болып жеңілгеннен кейін бас бапкер Мануэль Баумды қызметінен босатты.

Баум клубқа 2020 жылдың қыркүйегінде келіп, екі жылдық келесімшартқа қолған қойған еді.

Осы жылдағы соңғы екі ойынға команданы Хуб Стеванс бастап шығады. Хуб “Шалькені” осыған дейін үш рет (1996-2002, 2011-2012, 2019) баптаған.

Хуб клубқа қайта оралмауға уәде берген, бірақ: “Менің жүрегім әлі де ақ-көк түсті. Клуб қиын кезеңдерде маған хабарласса, жоқ дей алмаймын”, – дейді.

“Шальке” 28 ойын қатарынан жеңістің не екенін білмей келеді. 18 матчта жеңіліп, он ойында тең нәтижені қанағат тұтты. Бундеслиганың ағымдағы маусымында бірде-бір ойында жеңіске жетпеген гельзенкирхендік клуб 12 ойында төрт ұпай еншілеп, соңғы 18-орынға жайғасқан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров