Жарнама
Жарнама

«Шальке» Германия суперкубогін жеңіп алды

26.07.2011, 20:11
Жарнама
Жарнама
Германияның чемпионы Дортмундық «Боруссия» мен Гельзенкирхеннің «Шалькесі» Германияның суперкубогін Гельзенкирхен каласының «Фельтинс-Арена» стадионында таласқа салды. Ойын барысы негізінен қонақтар басымдығымен өтті. Ойын басталысымен дортмундықтар гол салатын тамаша мүмкіндікті мүлт жіберді. Осыдан кейін «Шальке» ойын тізгінін уыстарына алғандай еді, алайда қонақтар дегендерінен жаңылмай, қарсыластар қорғанысын үлкен күштермен жұмыс ітеуге мәжбүр етті. Ойынның 1-ші бөлігі нөлдік нәтижемен аяқталды. 2-ші таймда да ойын барысы үлкен өзгерістерге ұшырамады. Қонақтар шабуылдары жиілегенімен алаң иелерінің де қорғанысы сыр бермеді. Десек те Рауль бастаған шабуыл өтіндегі жігіттер де қарап қалмаған еді. Алайда оларға қарағанда қонақтардың шабуылдары тартымды әрі жиірек болды. Германия суперкубогінің регламенті бойынша қосымша уақыт орын алмады. Матч соңынан кейінгі 11-метрлік соққыларда алаң иелерінің жас қақпашысы Ральф Фэрманн қарсыластардың 2 добын қайтарып, матчтың үздік ойыншысы атағына ие болды. «Шальке» футболшылары өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, маусымның беташар жүлдесін жеңіп алды. 23-ші шілде. Гельзенкирхен қаласы. «Фельтинс-Арена» стадионы Бас төреші – Кнут Кирхер (Роттенбург, Германия). ШАЛЬКЕ-04 – БОРУССИЯ Д – 0:0 Пенальтиден – 4:3. Льюис Холтби (1:1) Илкай Гюндоган (0:1) Эду (2:2) Матц Хуммельс (1:2) Бенедикт Хеведес (3:2) Кевин Гросскройтц (2:2 – қақпашы) Хосе Хурадо (4:3) Мориц Лейтнер (3:3) Иван Перишич (4:3 – қақпашы) Шальке-04 Боруссия Д Ральф Фарманн Роман Вайденфеллер Кристиан Фухс Матц Хуммельс Бенедикт Хеведес Лукаш Пищек Кирьякос Пападопулос Фелипе Сантана Александер Баумйоханн, 89 Крис Лёве, 77 Льюис Холтби Себастьян Кель, 75 Жоэль Матип Кевин Гросскройтц Марко Хёгер Илкай Гюндоган Юлиан Дракслер, 46 Марио Гёце, 75 Рауль Синдзи Кагава Клаас-Ян Хюнтелар, 68 Роберт Левандовски Ауысқандар: Хосе Хурадо, 46 Иван Перишич, 75 Ян Моравек, 68 Свен Бендер, 75 Эду, 89 Мориц Лейтнер, 77 Ескертулер: Александер Баумйоханн, 85 Кевин Гросскройтц, 66
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров