Жарнама
Жарнама

Шацкий - Қазақстан үшін ең көп ойын өткізген құрама тарихындағы екінші қақпашы

“Ақтөбенің” тәжірибелі қақпашысы Қазақстан құрамасының рекордсмен-қақпашысы атанды, деп жазады Kazfootballkz. 

Жарнама
Жарнама

Игорь Ұлттық құрамада 2019 жылдың 21 ақпанында Молдоваға қарсы жолдастық ойында дебют жасады (1:0). Дәл қазіргі уақытқа дейін Шац Қазақстан жейдесінде 30 ойын өткізіп, 38 гол жіберді. Жалпы құрама тарихындағы ең көп матч өткізген қақпашы ретінде Давид Лория есептелінеді (46 ойын).

Атап айтқанда, құрама тарихында жалпы 29 қақпашы өнер көрсеткен.

Қазақстан құрамасының рекордсмен-қақпашылары:

  1. Давид Лория - 46 ойын, 79 гол жіберді
  2. Игорь Шацкий - 30 ойын, 38 гол жіберді
  3. Андрей Сидельников - 29 ойын, 48 гол жіберді
  4. Юрий Новиков - 26 ойын, 43 гол жіберді
  5. Стас Покатилов - 26 ойын, 46 гол жіберді
  6. Олег Воскобойников - 24 ойын, 30 гол жіберді

Айта кететіні, құрама тарихына енген Стас Покатиловта Черчесов командасына шақырту алды. “Қайраттың” экс-қақпашысы 2020 жылдан бері алғаш рет ел ұжымында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Алайда оның басты бәсекелесі Игорь Шацкий әзірге бірінші нөмір болу арқылы жылы орнын босатпай отыр. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров