Жарнама
Жарнама

“Шеберлігін көрсету үшін небәрі үш минут жеткілікті болды” – Португалиялықтар Нанидің дебюті жайлы не дейді?

Бүгін, 09:27

Португалияның әйгілі A Bola басылымы "Ақтөбе" сапына жақында ғана қосылған жұлдызды жартылай қорғаушы Луиш Нанидің Қазақстан Премьер лигасындағы алғашқы ойынына жоғары баға берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қостанайдың "Тобылына” қарсы өткен кездесуде (4:1) Нани алаңға шыға сала ассист жасаған болатын.

Нани кәсіби деңгейдегі соңғы матчын осыдан бір жыл төрт ай бұрын өткізген болатын. 2024 жылдың соңында Португалиялық "Эштреладан” кеткеннен кейін, 39 жастағы ардагер футболшы "Ақтөбеге” қосылды.

"Нани алаңға қайта оралып, жанкүйерлерін таңғалдырды! Оған өзінің шеберлігін көрсету үшін небәрі үш минут жеткілікті болды.

Кездесудің 71-минутында қосалқы құрамнан қосылған форвард бірден ойын ырғағына еніп кетті. 74-минутта сол қанаттан допты шебер қабылдап алып, айып алаңына дәл пас асырды. Оның бұл мүмкіндігін қорғаушы Иван Ордец мүлт жібермей, басымен қақпаға бағыттап, есепті 4:1-ге жеткізді. Голды тойлау кезінде командаластары Нанидң ерекше құрметпен құттықтады.

Клуб Нанидің алаңға шыққанын "тарихи сәт” деп бағалап, әлеуметтік желілерде арнайы видео жариялады.

Бұл жеңіс "Ақтөбе” үшін өте маңызды болды. 2025 жылдың соңындағы сәтсіздіктер мен дайындық кезеңіндегі қатарынан бес жеңілістен кейін, команда 2026 жылды сенімді жеңіспен бастады.

Алдыда "Ақтөбені" үлкен сынақ күтіп тұр. Келесі турда олар Алматыда "Қайратпе"» кездеседі. Айта кетейік, "Қайрат" биылғы маусымда Чемпиондар лигасында Португалиялық "Спортингпен” күш сынасқан болатын.” – деп жазады Португалиялық басылым.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров