Жарнама
Жарнама

Шердан Шакири мансабын Францияда жалғастырады

23.08.2021, 19:41
Шакири Еуропа чемпионатында Швейцария құрамасын алға жетелеген еді.
Жарнама
Жарнама

"Ливерпуль" мен Швейцария құрамасының шабуылшысы Шердан Шакири мансабын Франция чемпионатында жалғастырады.

"Лион" футбол клубы ресми сайтында "Ливерпульмен" нақты бір мәмілеге келгенін хабарлады. Трансфер құны 12 миллион еуроны құрады. Ал Шакири жаңа командасымен үш жылдық келісім-шартқа отырады.

Швейцариялық футболшы 2018 жылдан бері "Ливерпуль" сапында өнер көрсетеді. Ол бұған дейін "Сток Сити", "Интер", "Бавария" және "Базель" командаларында ойнаған. Өткен маусымда Шакири АПЛ-де 14 кездесу өткізіп, екі нәтижелі пас берді және екі сары қағаз алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров