Алматының «Қайрат» U-19 командасы УЕФА Жастар лигасының жалпы кезеңінің төртінші турындағы матчта миландық «Интерден» ойсырай ұтылды.
Милан қаласында (Италия) өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Голдарды 21-минутта пенальтиден Матиас Москони, 37-минутта Дилан Сарате және 54-минутта Джамал Иддриссу соқты.
Айта кетейік, қазақстандық клубтың қақпасын «Қайраттың» негізгі құрамында ойнаған 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза қорғады.
Бұл жеңіліс алматылықтар үшін турнирдің жалпы кезеңіндегі төрт матчтағы төртінші сәтсіздік болды. Бұған дейін олар кипрлік «Пафосқа» (1:3), испандық «Реалға» (1:4) және португалиялық «Спортингке» (2:3) есе жіберген еді.
Келесі турларда «Қайрат» жастар командасы 26 қарашада Данияның «Копенгагенімен», ал 9 желтоқсанда Грекияның «Олимпиакосымен» кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET