Жарнама
Жарнама

Шерхан Қалмырзаға грант табысталды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Қайрат" қақпашысына кез-келген оқу ордасына тегін оқытатын грант құжатын табыстады.

Жарнама
Жарнама

Арнайы грант қолына тиген Қалмырза ҰБТ тапсырып, басын қатырмайды. Ол министрдің өзі тарту еткен құжат арқылы Қазақстанның кез-келген университетіне тегін негізде оқуға түсе алады.

Еске салсақ, бұған дейін Шерханға Shoqan брендінің негізін қалаушы Улугбек Шарипов Chery компаниясының Exeed RX маркалы темір тұлпарын табыстаған болатын.

Айта кетейік, “Қайрат” Чемпиондар Лигасындағы келесі кездесуін 21 қазан күні кипрлік “Пафосқа” қарсы өткізеді. Аталған матчқа дейін Алматы ұжымының қатарына Темірлан Анарбеков пен Александр Заруцкий қосылып үлгермесе, қақпада Шерхан Қалмырза тұра бермек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: