24 жастағы шабуылшы Самат Сәрсенов пен 26 жастағы жартылай қорғаушы Магомед Парагульгов Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін "Ақжайық" командасының оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлады клубтың ресми сайты.
Самат Сәрсенов мансабын Ресейде бастады, "Носта" мен "Оренбург" клубтарында ойнады. Содан кейін "Қайратқа" ауысты, алматылық клуб үшін 12 матч өткізіп, 1 гол соқты. Ол "Тараз" сапында да ойнады. Осыдан кейін Сәрсенов Латвияға ауысып, онда "Валмиера" мен "Спартак" командаларында доп тепті. Жалпы, Латвияның Жоғары лигасында 15 кездесу өткізіп, 3 гол мен 2 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.
Магомед Парагульгов - Алматы футболының түлегі. Ол "Қайрат", семейлік "Спартак", "Ертіс" және "Қайсар" командаларында ойнады. Жалпы Қазақстан Премьер-лигасында 51 матч өткізіп, 4 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. 2020 жылы ол кипрлік "Эрмис" клубына ауысып, онда 7 матч өткізді
Біздің серіктес: FONBET