Жарнама
Жарнама

Шетелдік бапкер Ғалымжан Кенжебек туралы: Мансабында келесі қадамды жасай алады

Бүгін, 12:44

«Жеңістің» бұрынғы бас бапкері Акис Вавалис  «Ахматтың» вингері Ғалымжан Кенжебектің өнерін бағалап, онымен бірге жұмыс істеген кезеңі туралы айтты.

Ғалымжан Кенжебек
Жарнама
Жарнама

Естеріңізде болса грекиялық маман мен Қазақстан құрамасының көшбасшысының жолы «Жеңісте» түйіскен болатын.

«Біз бірге үш айдан артық жұмыс істемесек те, Ғалымжан маған ерекше әсер қалдырды. Біз «Жеңісте» оны алып қалғымыз келген, бірақ «Қайраттан» толықтай сатып алуға шамамыз жетпеді. Мен үшін Кенжебек – жоқ жерден жалғыз өзі қауіпті сәт тудыра алатын өте дарынды жігіт. Қазір бәрі оның ортаға ойысып, қақпаның алыс бұрышына бағыттайтын соққыларына сүйсініп жүр. Мұнда бір ерекшелік бар», – деп атап өтті грекиялық маман. Оның қолында қандай ұсыныстар болғанын білмеймін, бірақ оған және Мамукаға (агентіне – еск.) сенім артайық. Сондай-ақ мынаны да ұмытпаған жөн: еурокубоктарсыз-ақ Ресей премьер-лигасы (РПЛ) бәсекеге қабілетті лига болып қала береді. Самородовтың «Ахматқа» ауысқанына өкінбегеніне сенімдімін. Ресейге көшудің тағы бір артықшылығы – тілдік кедергінің жоқтығы. Осылайша Годи (Ғалымжан – еск.) ұжымға тезірек сіңісіп, мінсіз маусым өткізеді және мансабында келесі қадамды жасай алады», – деді А. Вавалис ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.

Ғалымжан Кенжебек жыл басында грозныйлық клубпен ұзақмерзімді келісімшартқа отырды. 23 жастағы жартылай қорғаушының жаңа клубын Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров