Жарнама
Жарнама

Шетелдік клубта доп тебетін қазақстандық футболшылар гол соқты

17.04.2022, 16:40
Қос қорғаушы да баспен гол соғып, командасына маңызды ұпайды алып берді.
Жарнама
Жарнама

«Моленбек» Бельгия Бірінші лигасының 28-турында сырт алаңда «Вестерломен» тең ойнады (2:2).

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский «Моленбектің» негізгі құрамында шығып, толық матч өткізді. 71-минутта айып добынан кейін Ян баспен соғып командасының бұл матчтағы алғашқы голын соқты.

Жалпы, Бельгия Бірінші лигасының ағымдағы маусымында Вороговский 10 матч өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Ал оның командасы 49 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

Армения Премьер-лигасының 27-турында «Нораванк» еревандық ЦСКА командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

27 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский «Нораванктың» негізгі құрамында шығып, 10-минутта баспен гол соқты. Бұл Тимурдың армениялық клубтағы екінші голы ретінде тіркелді.

Осы ойыннан кейін «Нораванк» Армения Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 7-ші орынға көтерілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров