Жарнама
Жарнама

Шина - молодчина, Шина, не молчи на!

09.04.2024, 15:16

«Елімай» фанаттарына Алвес Рожерио Шинаның атын осылай әнге қосуға болады. Бразилиялықтың бабы сұрапыл. 4 ойындағы 2 голын айтпағанда, Семейлік клубтың қатарында нағыз көшбасшыға айналған. Биылғы біріншілікте Шинамыз екі нәтижелі соққысымен үздік шабуылшылардың қатарында тұр.

Жарнама
Жарнама

Ал жалпы жаңа маусымның 4 турынан кейін ең көп гол салған үздіктердің қатарында үш бірдей футболшы бар. Олар – Идрис Умаев («Ақтөбе»), Евгений Березкин («Қызыл-Жар»), Джасурбек Яхшибоев («Ордабасы»). Бұл футболшылардың барлығы 3 голдан салған. Біз есімін әнге қосқан Шинадан бөлек тағы Жоао Пауло («Қайрат»), Максим Самородов («Ақтөбе») және Борис Цмилянич («Қызыл-Жар») екі рет нәтижелі соққы жасаған. Өткен демалыста «Жетісуға» гол салғанда бірінші орында Жоао Пауло болар ма еді, кім білсін? 5-турда үздік шабуылшылардың өзіндік бәсекесі күтіледі. «Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуінде командалардың көшбасшылыққа таласынан бөлек, шабуылшылардың да өзара тартысы болады. Қонақтардан Самородов пен Умаев өздерінің голдар санын арттыруға тырысады. Жоао Пауло «Жетісу» қақпашысы Сиукаевқа кеткен сазайын Игорь Шацкийге тартқызады ма? «Елімайда» ашылып жүрген Иван Свиридовтың да гол салатын кезі келіп жеткен секілді. «Жетісуға» ауысып келіп жатқан Абылайхан Жұмабектің де шабатын кезі. Талдықорғанда оған «Ақтөбедегідей» бәсекелестік болмайтын сыңайлы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров