Премьер-лигадан тағы бір легионер кететін болды - Рожерио Шина мен «Елімайдың» келісімшарты аяқталды.
Қазақстанмен қош айтысқандардын біразы жергілікті біріншіліктің ерекшеліктерін, нақтырақ айтсақ, көңілден шықпайтын дүниелерді сынайтыны белгілі. Шинадан да осы тектес бірдеңе күтеміз. Ал әзірше бразилиялық футболшы мен семейлік команданың келісімшарты аяқталып, қос тарап құжатты ары қарай созбау жөнінде өзара келісімге келді.
Айта кетейік, Рожерио Шина Қазақстанға дейін украиналық «Карпаты», «Львов» және БАӘ-нің «Дибба» клубының да намысын қорғады. Ал ҚПЛ-де «Елімайға» дейін «Ақтөбенің» жейдесінде доп тепкен болатын. Онда Шина 44 ойында 10 доп соғып, бес голдық пас шығарған.
Біздің серіктес: FONBET