Жарнама
Жарнама

Ширек финалдағы қарсыласымыз - Беларусь

21.01.2015, 01:33
Жарнама
Жарнама
Бүгін Қазақстан жастар құрамасы "Достастық" кубогындегі кезекті матчын өткізді. Оңтүстік Африка құрамасына қарсы шыққан қазақстандықтар үшін кем дегенде бір ұпай қажет болатын. Саулис Ширмялис шәкірттері бірден қарсылас қақпасына лап қойып, шабуылды бетке алған болатын. Бірақ, Абат Айымбетов пен Рауан Сариевтердің соққылары қарсылас қақпасына дари қоймады. Ал қарсылас шабуылын қақпашы Станислав Павлов қайтарып жатты. 90-минут бойы бір бірін ала алмаған қос қарсылас, тоблодағы көрсеткішті өзгерте алмай тең тарқасты. Айта кетуіміз керек, бұл нәтиже қос команданы да ширек финалға алып шықты. Саулиюс ШИРМЯЛИС Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері - Бүгін біз нәтиже үшін ойнадық. Қорғаныстан ойнауға тура келді. Дегенмен, де шабуылдап, бір гол соғып алсақ, мәселеміздің жарасы жеңілдейтін еді. Дегенмен, шабуылдарымыз гол соға алмады.  

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров