Жарнама
Жарнама

Шмидтгальді тіл-көзден сақтасын

28.10.2011, 20:13
Жарнама
Жарнама
[caption id="" align="alignleft" width="228" caption="Г.Шмитгаль"][/caption]

Сейсенбіде Генрих командасы жарыстың екінші туры аясында өз алаңында 2-ші Бундеслигалық «SC Paderborn-ды» қабылдады. Турнир ағымдағы жылдың 29 шілдесінде басталып 2012 жылдың 12 мамырында, Берлиннің Олемпиадалық стадионында аяқталмақ. Кубог жеңімпазы 2012/2013 жылғы Европа лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.

«SpVgg Greuther Fürth» ұлттық кубог жолындағы күресін 31 шілдеде бастап, «Eimsbütteler TV» атты клубты 10:0 есебімен «ойран» етіпті. Бұл ойында  Генрих Шмидтгаль алғашқы 45 минутты алаңда өткізіп, есеп 3:0-ге жеткенде алмастырылыпты.

Екінші кезеңде «SpVgg Greuther Fürth»  жетістігін бөтен алаңда қайталаған «SC Paderborn-мен» кездесу күтті. Бұл клубты осал деуге келмес. 2-ші Бундеслиганың 5 орнында тұрақтаған «SC Paderborn», «Greuther Fürth-тан» чемпионатта 7-ақ ұқпайға қалып келеді.

25 қазан күні қос комнда Фюрттің Trolli-Arena стадинында, 6150 жанкүйрдің көзалдында түйісті. Ойын бірден жоғары жылдамдық алып, 5 минутта Генрих Шмидтгальдің айып алаңына бағыттаған пасын черногориялық Милорад Пекович сәтті аяқтап есеп ашты. Жіберілген голдан кейін қонақтар босаңсып сылбыр қимылдап тек алыстан бағыттаған соққыларына жүгінді. Алайда сондай сәттің екеуі голға айнала жаздады. Қақпашы Макс Грюндің шапшаңдығы әріптесетрінің жанын сақтап қалды. Жауап қайтара білген Генрих қарсыластардың айып алаңына өтіп допты қақпаға 6 метрден кіргізген Кристофер Нотеге пас берді. Бұл ойынның 29 минуті еді.

Қарсыластар бірнеше өткір шабуылдармен алмасқан соң 34 минутта «пас берушінің» рөліне әбден еніп алған  Генрих Шмидтгаль үшінші нәтижелі әрекет жасап канадалық қараторы футболшы Оливье Оссеанға әдемі пас сыйлады.

Бұл гол ойынға қатысты біраз сұрақтарың жауабы болғандай.

Демалыстан кейін фюрттіктердің есепті әрі еселейтін мүмкіндіктері болды, бірақ қарсыластардың қақпашысы ұтқырлық танытып доптардың бетін қайтара білді. «SC Paderborn» та қарсы шабуыл ұйымдастыра білді, алайда сәтсіз. 79 минутта Тайфун Пектюрк алыстан соққы жасап допты қақпаға дәл түсірді. Ойынның шешуші сәті осы болды. «Жығылған күреске тоймайды» демекші, 84 минутта «SC Paderborn» ойыншысы Албан Меха айып соққысын орындап қарсыластар бағанасының «мыхтылығын» тексерді.  Есеп 4:0. Генрих Шмидтгальдің қанжығасында үш нәтижелі пас.

Қазақстан құрамасы футболшысыны командасы Германия кубогының 1/8 финалына шықты. Қарсыластары әзірше белгілі емес, ойындар 20-21 желтоқсанында өтеді деп жоспарланған.

ОЛЖАС ОҚАС

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров