Премьер лигадағы чемпиондық дода өз мәресіне жақындап келеді. Маусымның шешуші ойыны — "Қайрат" пен "Астананың" арасындағы кездесу 26 қазанда өтпек.
Елордалық клубтың қорғаушысы Дмитрий Шомко ASnews.kz сайтында алдағы ойынға қатысты өз пікірімен бөлісті:
"Айту оңай емес, бірақ бізді "Қайратқа” қарсы өте ауыр матч күтіп тұр. Қарсыласымызды егжей-тегжейлі зерттеп, барынша тыңғылықты дайындаламыз. Біздің мақсат айқын — алтынды Астанаға қайтару. Ешқандай қысым сезініп жатқан жоқпыз. Еурокубокқа қатысу міндетін орындадық, енді басты мақсат — чемпион атанып, келесі жылы Чемпиондар лигасында ойнау." — деді Шомко сенімді түрде.
Біздің серіктес: FONBET