Жарнама
Жарнама

Шотландия, Грекия әлде РПЛ чемпионы? Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытқан клубтар анықталды

19.11.2025, 11:06

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекті өзінің қатарынан көргісі келетін клубтар белгілі болды.

Ғалымжан Кенжебек
Жарнама
Жарнама

Олардың қатарында «Олимпиакос», «ПАОК» (екеуі де Грекия), «Рейнджерс» (Шотландия), «Виктория Плзень (Чехия), «Краснодар», «Динамо» Мәскеу (екеуі де Ресей) секілді командалар бар.Бұдан бөлек алматылық «Қайрат» та өзінің түлегін қайтарып алуға ниетті ұқсайды. Айта кетейік, осыған дейін 22 жастағы футболшыға Түркия Суперлигасының екі ұжымынан қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған. Әзірге, Ғалымжан «Елімай» сапынан ешқайда кеткен жоқ. Клубпен келісімшарты осы жылдың аяғына дейін жарамды. Жартылай қорғаушы семейліктер сапында биыл ҚПЛ-де 11 ойында 6 гол мен 4 ассисттің авторы атанды.    

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров