Бұған дейін біздің командалар Солтүстік Ұлыбритания жерінде орналасқан мемлекет ұжымдарымен 3 рет жолдары түйіскен.
"Шахтер” – "Селтик"
2013 жылдың 20 тамызында “Селтик” Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы ойынында қарағандылық “Шахтерде” қонақта болып, 2:0 есебімен ұтылды.
“Астана Аренада” болған матчтың 12 минутында кеншілер капитаны Андрей Финонченко есепті ашқаг болатын. Одан кейін, “Шахтер” 77 минутта Сергей Хижниченко көмегімен сан басымдығын 2:0 голға арттырды.
Жалпы екінші тайм барысында “Селтик” Қарағанды командасы қақпасын біраз мазалады. Алайда сол кеште Александр Мокиннің жұлдызы жанып, біраз сәттерде команданы құтқарды.
"Қайрат" – "Абердин"
Арада 2 жыл өткен соң, “Қайрат” тағы бір шотландиялық “Абердин” ұжымен өз жерінде бақ таласты. Аталған матчта Жерар Гоу мен Сито Риераның орнын Ұлықбек Бакаев пен Анатолий Тимощук жоқтатпады. Бірі қорғаныста сауатты өнер көрсетсе, енді бірі гол соғып, Алматы жұртшылығын қуантты. Айтпақшы, Орталықтағы “Қайраттықтардың” екінші голын Бауыржан Исламхан өз атына жазды. Қонақ команда болса, екі голға тек Маклин есімді ойыншысымен ғана жауап қатты.
"Астана" – "Селтик"
2016 жылдың 27 шілдесінде Глазго қаласының “Селтик” ұжымы екінші мәрте Қазақстанға ат басын бұрды. Бұл жолы бірақ Макгрегор бастаған шотландиялық команда еліміздің грандына қарсы кездесуде 1:1 есебімен тең ойнады. Матч басталған уақытта 5 қорғаушымен ойнаған біздің команданы “Селтик” бірден қыспаққа алды. Алайда соған қарамастан, есепті бірінші болып, алаң иелері ашты. Юра Логвиненко бұрыштамадан асырылған допқа алғашқылардың бірі болып жетіп, қақпашы Крейг Гордоннан айласын асырды. Бірақ Стойлов шәкірттері жеңісті есепті матч соңына дейін сақтап қала алмады. 78 минутта арқасын кеңге жайған “Астана” ойыншыларының қателігін сәтті пайдаланған Ли Грифитс Ненад Эричті қапы қалдырды. Сөйтіп, қорытынды есепті - 1:1 қылды.
Өздеріңіз байқағандай, Шотландиялық ұжымдар біздің жерде өз билігін орната алмаған. 3 рет келгендегі көңілге қонымды нәтижесі - бір тең ойын ғана. Ырымшыл халық болғандықтан, ертең “Қайратта” кельттерге қарсы ойында жерге қарап қалмайды деп сенеміз. Глазго жерінде 0:0 есебімен тең тарқасып келген соң, ол сеніміміз нығайа түсті.
Біздің серіктес: FONBET