Шотландиялық Thecelticblog.com сайты Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы ойынын сараптап, қарымта матчқа қатысты ойларымен бөлісті.
“Қателігіміз біз еш күш салмай-ақ Алматының "Қайратын" жайпап өтеміз деген ой болды. Глазгода жағдай бұлай болады деп ойлаған жоқпыз.
Кез келген сауатты бапкер қарсыластың шабуыл шебі әлсірегенін біліп, қорғауға он бір ойыншыны қойса жеткілікті дегенді біледі. Мұндай жағдайда біз олардың қорғанысын бұзуда қиындықтарға тап болуымыз әбден мүмкін.
Соған қарамастан, біз әлі де келесі кезеңге өтеміз деп ойлаймыз. Роджерс қарымтаға бірдеңе ойлап табады деп сенеміз, себебі бізде шын мәнінде мықты ойыншылар және жалпы алғанда күштірек команда бар." – деп жазады басылым.
Біздің серіктес: FONBET