«Қайрат» клубының бас бапкері Алексей Шпилевский ҚПЛ-дің 15-турындағы Қостанайлық «Тобылмен» (4:0) болған матч туралы пікір білдірді.
- Біз әр матчта мүмкіндігінше гол соғып, өз қақпамызды құрғақ ұстауға тырысамыз. Бүгінгі болған ойын осы жоспардың орындалғанын және біздің гол соғуға деген құштарлығымыз бен алға ұмтылғанымызды көрсетеді.
Бірінші таймда біз командалық-агрессивті футбол көрсеттік, біздің жаттықтырушылар құрамы да дәл осындай ойынды көргісі келген, екінші таймның ортасында позицияларға өзгеріс енгізіп, соңғы матчтарда көп ойнаған ойыншыларға демалыс беруге шешім қабылдадық, сонымен қатар біз жас таланттарымызға ойын уақытын бөлдік. Мен бүгінгі ойынға риза болдым. "Астанамен" болатын ойынды асыға күтеміз, біз тағы да жеңіске жетіп, алғашқы жеңістің кездейсоқ емес екенін дәлелдегіміз келеді.
Біздің серіктес: FONBET